17 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №529

306 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
  2016 жылғы 8 қыркүйек, Астана, Үкімет Үйі Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу қағидалары; 2) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу өлшемшарттары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 8 қыркүйектегі №529 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуника­циялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне атқызу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Ақпараттандыру туралы» 15 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының тармақшасына сәйкес әзірленді және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) – ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 2) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілері – ақпараттық жүйелер, техно­логиялық платформалар, аппараттық-бағдарламалық шендер, телекоммуникациялар желілері, сондай-ақ техникалық құралдардың үздіксіз жұмыс істеуін және ақпараттық қауіпсіздікті қамта­масыз ету жүйелері; 3) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым – электрондық ақпараттық ресурстарды қалып­тастыру және оларға қолжетімділікті ұсыну мақсатында технологиялық ортаның жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің жиынтығы; 4) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілері – жұмыс істеуінің бұзылуы немесе тоқтауы әлеуметтік және (немесе) техногендік сипаттағы төтенше жағдайға немесе Қазақстан Республикасының қорғанысы, қауіпсіздігі, халықаралық қатынастары, экономикасы, жекелеген шаруашылық салалары, инфрақұрылымы үшін немесе тиісті аумақта тұратын халықтың тыныс-тіршілігі үшін айтарлықтай теріс салдарларға әкеп соғатын ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның, оның ішінде «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектілері. 2. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу тәртібі 3. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу өлшемшарттарының (бұдан әрі – өлшемшарттар) кемінде біреуіне сәйкес келген кезде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілері аса маңыздыларға жатқызылады және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің тізбесіне (бұдан әрі – тізбе) енгізілуі тиіс. 4. Уәкілетті орган орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға, стратегиялық объектілердің, аса маңызды мемлекеттік объектілердің, стратегиялық маңызы бар экономика салалары объектілерінің иелеріне (иеленушілеріне) жыл сайын 1 ақпаннан кешіктірмей өлшемшарттардың кемінде біреуіне сәйкес келетін бар ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілері бойынша сұрату (бұдан әрі – сұрату) жолдайды. 5. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, стратегиялық объектілердің, аса маңызды мемлекеттік объектілердің, стратегиялық маңызы бар экономика салалары объектілерінің иелері (иеленушілері) сұрату негізінде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін тізбеге енгізу үшін ұсыныстарды осындай сәйкестікті негіздейтін мәліметтер мен құжаттарды қоса бере отырып, жыл сайын 1 наурыздан кешіктірмей уәкілетті органның қарауына енгізеді. 6. Уәкілетті орган орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, стратегиялық объектілер, аса маңызды мемлекеттік объектілер, стратегиялық маңызы бар экономика салалары объектілері иелерінің (иеленушілерінің) ұсыныстарын қарау және талдау үшін ақпараттандыру саласындағы мамандардан және қоғамдық бірлестіктер өкілдерінен комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады. 7. Комиссия ұсынылған ұсыныстарды, құжаттар мен мәліметтерді қарап, мына шешімдердің бірін қабылдайды: 1) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісін тізбеге енгізу туралы; 2) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісін тізбеге енгізу туралы өтінімді қабылдамау туралы. 8. Комиссияның шешімі мынадай мәліметтерді қамтуға тиіс хаттамамен ресімделеді: 1) отырыстың өткізілетін күні мен орны; 2) комиссияның құрамы; 3) қаралған өтінімдердің саны; 4) белгіленген өлшемшарттарға сәйкестігін не сәйкессіздігін негіздеумен әрбір ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісі бойынша комиссияның шешімі. 9. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісін тізбеге енгізу туралы өтініш кері қайтарылған жағдайда уәкілетті орган шешім қабылданған кезден бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органға, стратегиялық объектілердің, аса маңызды мемлекеттік объектілердің, стратегиялық маңызы бар экономика салалары объектілерінің иесіне (иеленушісіне) бас тарту себебін көрсетіп, хабарлама жолдайды. 10. Уәкілетті орган комиссия хаттамасының негізінде тізбені әзірлейді және жыл сайын, 1 шілдеден кешіктірмей заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізеді. Тізбеге комиссияның хаттамасы және орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, стратегиялық объектілер, аса маңызды мемлекеттік объектілер, стратегиялық маңызы бар экономика салаларының объектілері иелерінің (иеленушілерінің) өнімдері қоса беріледі. 11. Тізбені өзектілендіруді ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектісін өндірістік пайдаланудың тоқтатылуына немесе өлшемшарттарға сәйкессіздіктің немесе өлшемшарттардың кемінде біреуіне сәйкес келетін ақпараттық- коммуникациялық инфрақұрылымның жаңа объектісінің анықталуына алып келген ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектісінің функционалдық мақсатының өзгеруіне байланысты орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, стратегиялық объектілер, аса маңызды мемлекеттік объектілер, стратегиялық маңызы бар экономика салалары объектілері иелерінің (иеленушілерінің) ұсыныстары негізінде жыл сайын уәкілетті орган жүзеге асырады. Уәкілетті орган орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органның, стратегиялық объектілер, аса маңызды мемлекеттік объектілер, стратегиялық маңызы бар экономика салаларының объектілері иелерінің (иеленушілерінің) ұсыныстарын осы Қағидалардың 6-10-тармақтарында көзделген тәртіппен қарайды. 12. Тізбеге өзгерістер және (немесе) толықтырулар қажет болған жағдайда осы Қағидаларда және заңнамада белгіленген тәртіппен енгізіледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 8 қыркүйектегі №529 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу өлшемшарттары 1. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің аса маңызды мемлекеттік объектінің үздіксіз пайдаланылуына ықпалы, оның жұмыс істеуі бұзылған кезде аса маңызды мемлекеттік объектінің қызметі тоқтатылатын болады. 2. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің стратегиялық объектілердің үздіксіз және қауіпсіз пайдаланылуына ықпалы, оның жұмыс істеуі бұзылған кезде стратегиялық объектінің қызметі тоқтатылатын болады не техногендік сипаттағы төтенше жағдай қаупі туындайды. 3. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің стратегиялық маңызы бар экономика салалары объектілерінің үздіксіз және қауіпсіз пайдаланылуына ықпалы, оның жұмыс істеуі бұзылған кезде стратегиялық маңызы бар экономика салалары объектісінің қызметі тоқтатылатын болады не техногендік сипаттағы төтенше жағдай қаупі туындайды.